
Электрондық үкімет порталында және Бас прокуратураның сайтында «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жеке құрамымен тәрбие, психологиялық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» жобасы (бұдан әрі-Жоба) жарияланды.
Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 11 шілдедегі № 136-VII ҚРЗ Заңын іске асыру үшін әзірленді (бұдан әрі-Заң).
Заңмен «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға құқық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыруды көздейтін түзетулер енгізілді.
Құқық қорғау органдары басшыларының жеке құраммен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындауға тиісті құзыреті «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 54-1-бабының 6-тармағында көзделген (11.09.2022 жылдан бастап күшіне енеді).
Қағидалар жобасы жеке құрамның адамгершілік дәрежесін арттыруға, қызметкерлердің мемлекет мүдделерін қорғауға әзірлігін, патриоттық сана-сезімін, қызметтік міндеттерді орындауға психологиялық әзірлігін қалыптастыруға және қолдауға бағытталған.
Жобасы талқылау мерзімі12.09.2022 жылға дейін.
Жобамен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14197855