23 тамыз 2022 жылы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Б. Дембаевтың Еуропалық Парламент өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстанда адам құқықтарын сақтау, сондай-ақ қаңтар оқиғалары бойынша тергеп-тексерудің барысы туралы мәселелер талқыланды.
Еуропалық Парламент өкілдері Бас прокуратураның Қазақстанда болған қайғылы оқиғаларды объективті тергеуге ұмтылысын және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше алаңдаушылықтарын атап өтті.
Сонымен қатар кездесу барысында а.ж. 5-маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құрылғаны туралы жеткізілді және еуропалық әріптестермен елден заңсыз шығарылған ақша қаражаттарын қайтарудағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Бас прокуратураның басшылығымен жыл басынан бері халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттердің дипломатиялық корпустары және шетелдік БАҚ-мен бірқатар ұқсас кездесулер өткізілді.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі