«Құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерінің, курсанттың, тыңдаушының, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің қызметтік міндеттерін (қызметтегі міндеттерін) атқару кезінде алған мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасы жарияланды

2022 жылғы 9 тамызда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерінің, курсанттың, тыңдаушының, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің қызметтік міндеттерін (қызметтегі міндеттерін) атқару кезінде алған мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14177564) (бұдан әрі - қаулы жобасы) жарияланған.

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 11 шілдедегі № 136-VII ҚРЗ Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Қаулы жобасы алынған мертігулер (жарақаттар, контузиялар, жаралану) салдарынан қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауды күшейтуге бағытталған.

Қаулы жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі