«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері антының мәтінін және оны беру тәртібін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы жарияланды

2022 жылғы 9 тамызда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері антының мәтінін және оны беру тәртібін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14177542) (бұдан әрі - Жарлық жобасы) жарияланды.

Жарлық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 11 шілдедегі № 136-VII ҚРЗ Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Жарлықта құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлері үшін анттың бірыңғай мәтіні көзделеді, бұл құқық қорғау қызметін өткерудің арнайы қағидатына - құқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметін ұйымдастыруға деген көзқарастардың бірлігіне сәйкес келеді.

Жарлық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі