«Құқық қорғау органдар қызметкерiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ құқық қорғау органдар қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларын бекiту туралы»Үкімет қаулысының жобасы жарияланды

2022 жылғы 9 тамызда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Құқық қорғау органдар қызметкерiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ құқық қорғау органдар қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларын бекiту туралы» Үкімет қаулысының жобасы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14177572) (бұдан әрі - қаулы жобасы) жарияланды.

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 11 шілдедегі № 136-VII ҚРЗ Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Қаулы жобасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды күшейтуге бағытталған және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне олардың қызметтік міндеттерін орындауына байланысты келтірілген залалды өтеуді көздейді.

Қаулы жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі