«Құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, курсанттарға, тыңдаушыларға, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, қызметтік міндеттерін (қызмет міндеттерін) орындау кезінде алған мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы)салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған әскери қызметшілерге ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасы жарияланды

2022 жылғы 12 тамызда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, курсанттарға, тыңдаушыларға, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, қызметтік міндеттерін (қызмет міндеттерін) орындау кезінде алған мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы)салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған әскери қызметшілерге ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы»  Үкімет қаулысының жобасы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14183221) (бұдан әрі - қаулы жобасы) жарияланды.

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 11 шілдедегі № 136-VII ҚРЗ Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Қаулы жобасы күштік органдардың қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды күшейтуге бағытталған және қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігу (жарақат алу, жаралану, контузия алу) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен босатылған қызметкерлер үшін ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыруды көздейді.

Қаулы жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі