
Электрондық үкімет порталында және Бас прокуратураның сайтында «Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі-Жоба) жарияланды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтірілген.
Заң жобасын талқылау мерзімі 01.09.2022 жылға дейін.
Жобамен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14187788
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі