
15 қарашада, сағат 15: 00-де Бас прокуратурада «Прокуратураның кәсіпкерлік саласындағы қадағалау» бизнесті қорғау бойынша 3-ші Прокурорлық форумы өтеді.
Оған Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, «Атамекен» Ұлттық палатасы, «Нұр Отан» партиясы және бизнес-қауымдастық өкілдері қатысады.
Кәсіпкерліктің ең өзекті мәселелерін, оның ішінде қылмыстық қудалауға, тексерістер жүргізуге, айыппұлдарды өндіріп алуға, негізсіз тарифтерге, сондай-ақ осы саладағы жағдайды одан әрі жақсарту жөніндегі шараларды талқылау жоспарлануда.
БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз!
Аккредиттеу ағымдағы жылдың 14 қарашасынан сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі email: press@prokuror.kz
Байланыс телефоны: 71-28-19 (Латиф).
Қол жеткізуді басқару процедурасын ескере отырып, алдын ала келіңіз.