Азаматтарды қабылдау Бас прокурорда өтті

Азаматтарды қабылдау Бас прокурорда өтті

21 қарашада Мемлекет басшысының «Есту мемлекеті» тұжырымдамасына көшу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Бас прокуратура «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін» өткізді.

Іс-шараның мақсаты - халықпен тікелей сұхбат орнату, оларға заңгерлік көмек көрсету және туындаған мәселелерді шешу.

Қабылдауды Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің басшылары жүргізді.

Барлығы 337 адам қабылданды.

Азаматтардың көбі азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығына, сондай-ақ қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысына жүгінді.

Өтініш берушілердің уәждерін тыңдағаннан кейін Ғ.Нұрдәулетов Бас прокуратура құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына олардың дәлелдерінің толық және жан-жақты тексерілуін қамтамасыз етуді, егер бұзушылықтар болса, оларды дереу жою бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Прокуратура органдарына азаматтарды қабылдау тұрақты түрде республика бойынша құқық қорғау қызметтерінің орталықтарында өткізіліп тұратындығын атап өтеміз.

Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы азаматтар Бас прокурордың блогына сілтеме жасай алады.

Жеке кездесуге 8 (7172) 71-22-08, 8 (7172) 30-16-49 телефондары арқылы басшының басшылығымен жазыла аласыз.

   Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі