Бас прокуратура азаматтардың қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету жөніндегі ұсыныстарын зерделейді

Бас прокуратура азаматтардың қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету жөніндегі ұсыныстарын зерделейді

Бас прокуратура қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету бойынша шаралар кешенін пысықтауда.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйелдер мен балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық жазасын қатаңдатудың орындылығы жан-жақты талданады.

Осыған байланысты Бас прокуратура осы проблемаларды шешу, әйелдер мен балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру бойынша барлық қолда бар ұсыныстарды зерделеуге дайын.

Дәлелді бастамаларды мына электронды мекенжайға жіберуге болады: sbn2022@mail.ru

 

 Бас прокуратураның баспасөз қызметі