«Прокуратура туралы» Конституциялық заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты ашық қолжетімділікте

«Прокуратура туралы» Конституциялық заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты ашық қолжетімділікте

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты Үкіметтің заң шығару жұмысы қағидаларының (Үкіметтің 29.12.2016 жылғы № 907 қаулысымен бекітілген, 23.07.2021 жылғы өзгерістер ескерілген) 4 тармағына сәйкес әзірленіп, электрондық үкімет порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14076655), сондай-ақ Бас прокуратураның сайтында жарияланған.

Конституциялық заңды қабылдау туралы тиісті тапсырма Мемлекет басшысының Қазақстан халқына соңғы Жолдауында берілген. 

«Заң тәртібін күшейту және құқық қорғау қызметін ұдайы жетілдіру үшін прокуратура және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы жекелеген конституциялық заңдар қабылдау қажет деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.    

Жаңа заң жобасында заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қалпына келтіруді, бизнес, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін едәуір тиімді қамтамасыз етуге үлес қосатын нақты тетіктер мен құралдарды бекіту жоспарланған.

Бүгінгі күндегі қауіп-қатерлер прокуратураның құқық қорғау потенциалы мен жоғарғы қадағалау орган қызметінің кепілін жаңғыруын қажет етеді. 

2030 жылға дейін Құқықтық саясат тұжырымдамасында прокуратураның елдің құқық қорғау жүйесінің өзегі ретінде үйлестіру ролі бекітілген.

Прокуратура органдарының мәртебесін бекіту 2017 жылғы 13 қыркүйектегі ЭЫДҰ елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының Ыстамбұл хаттамасының ұсыныстарының бірі болған.   

Реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты прокуратура органдарының институционалдық даму мәселелерін қарастыратынын атап өту қажет.

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы