Нұр-Сұлтан, 25 сәуір 2022 жыл. Бас Прокурор Берік Асылов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары-ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Пиа Каума ханыммен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында тараптар Қазақстанның құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау, сондай-ақ осы жылғы қаңтардағы оқиғаларды тергеу мәселелерін талқылады.
ЕҚЫҰ өкілі Бас прокуратураның осы мән-жайларды объективті тергеуге мүдделілігін және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі көзқарасын атап өтті.
Жыл басынан бері Бас прокуратураның басшылығы халықаралық ұйымдар, шет мемлекеттердің дипломатиялық корпусы және шетелдік БАҚ өкілдерімен бірқатар осыған ұқсас кездесулер өткізілді.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі