Беларусь делегациясы Қазақстанның Бас Прокурорында болды

Беларусь делегациясы Қазақстанның Бас Прокурорында болды

Бүгін Бас прокурор Гизат Нұрдаулетов Беларусь Республикасы Тергеу комитетінің төрағасы Иван Носкевичпен кездесті.

Қадағалау агенттігінің басшысы Қазақстан мен Беларусь арасында демократияны, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға деген өзара мүдделілікке негізделген достық қатынастар қалыптасқанын атап өтті.

Ол мұндай сапарлар екіжақты қатынастардың дамуына қосымша серпін беретіндігін және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың біріктірілген күш-жігерінің кепілі болып табылатындығын атап өтті.

Өз кезегінде Иван Носкевич екі ел арасындағы қалыптасқан ведомствоаралық ынтымақтастыққа оң баға берді және оны одан әрі дамытуға дайын екендігін жеткізді.

Кездесу барысында тараптар қылмыстық сот төрелігі және қылмысқа қарсы күрес саласындағы озық тәжірибелермен алмасты.

азақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі