
08.07.2021ж. Бас прокуратура ашық нормативтік құқықтық актілер
интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9962218) «Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі №69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» БП бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды.
Бұйрық жобасы аттестауда қойылатын сұрақтардың блоктары қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендірілді.
Заң жобасын жария талқылау 10 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы