
17.03.2021ж. Бас прокуратура ашық нормативтік құқықтық актілер
интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7504874) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 135 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» БП бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды.
Бұйрық жобасында Құқық қорғау органдары академиясы ақылы негізде берілетін жұмыстарына, көрсетілетін қызметтерінің жаңа түрлері анықталған.
Көпшілік талқылау мерзімі 10 жұмыс күні.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы