«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты жобасының «Ашық НҚА» порталында орналасқаны туралы баспасөз хабарламасы

Бас прокуратура ашық нормативтік құқықтық актілер
интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13995236) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжат жобасының орналасқаны туралы хабарлайды.

Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында күштік құрылымдардың шешімдер қабылдау кезінде дербестігін қамтамасыз ету және олардың басшыларының жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған мәселелер де өз көрінісін тапты.

Бұл мәселе 2022 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі жоспардың 21 тармағын орындау тәртібінде пысықталуда.   

Жоспардың аталған тармағын орындалуына жауапты орындаушы ретінде Бас прокуратура анықталған. 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы