
2022 жылдың 1 ақпанында Бас прокуратура 2021 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аясының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 88-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Үкіметтің кейбір қаулыларына өзгертулер мен толықтырулар әзірленіп, «электронды үкімет» порталының «Ашық НҚА» порталында жарияланған:
2021 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аясының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 88-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен қылмыстық теріс қылықтар жөніндегі істердің тергелуі әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер секілді бірнеше процессуалдық шешімдер мен іс әрекеттерді бір хаттамада жазу арқылы жеңілдетілді.
Мысалы, қылмыстық теріс қылық туралы хаттамада заттарды, құжаттаржы және басқа да мүлікті заттай дәлелдемелер ретінде тану және оларды іске қосу, процестік шығындарды анықтау, сондай-ақ қорғаушының қызметінен бас тарту өтініш көрсетілетін болады.
- кепіл түрінде бұлтартпау шарасын бұзу және өзгерту тәртібін реттейтін ҚПК-тің 153 бабының 5 бөлігіне сәйкестендіру мақсатында өзгерістер енгізілген.
Өзгерту кепіл ретінде бұлтартпау шарасын жойылған жағдайда кепілді қайтару тәртібін өзгертумен байланысты.
ҚПК-тің 153 бабының 3 бөлігіне енгізілген өзгерістерге сәйкес тергеу судьясы санкциялаған бұлтартпау шарасын жою мүмкіндігі прокурордың келісімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына да берілді.
Көпшілікпен талқылау мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.