«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобаның тұжырымдама жобасына баспасөз релизі

2021 жылғы 21 мамырда НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8906223) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобаның тұжырымдама жобасы (бұдан әрі – Тұжырымдама жобасы) орналастырылды.

Тұжырымдама жобасы мемлекет басшысының 2020 жылғы                                   1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде қылмыстық қудалау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында нақты бөле отырып, үш буынды модельді енгізе отырып, ЭЫДҰ дамыған елдерінің үлгісі бойынша қылмыстық саланы жаңғырту қажеттігі туралы көрсетілген тапсырмаларын іске асыруға байланысты ережелерді көздейді: полиция қылмыстарды анықтауға, қатысы бар адамдарды анықтауға, дәлелдемелерді жинауға және бекітуге; прокурор жиналған дәлелдемелерге тәуелсіз баға беруге, азаматтардың құқықтарын бұзудың жолын кесуге, адал азаматтарды қылмыстық процеске тартуға жол бермеуге, сотта айыптауды қолдауға; сот - органдардың іс-әрекеттеріне шағымдарды қарауға және іс бойынша түпкілікті үкім шығаруға міндетті.

Тұжырымдама жобасын жария талқылау 10 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы