Прокурорлар мен тергеушілердің жаңа процестік жағдайдағы жұмысы туралы

Прокурорлар мен тергеушілердің жаңа процестік жағдайдағы жұмысы туралы

Мемлекет басшысының қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу туралы тапсырмасы аясында Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен бірлесіп прокуратура және полиция органдарының басшыларымен кеңес өткізді.

Жаңа форматтағы жұмыстың аралық нәтижелері атап айтылды.

Атап айтқанда, прокурорлардың күдікті деп тану, іс-әрекетті саралау, мерзімдерді үзу және қылмыстық істі тоқтату туралы заңсыз шешімдерге ден қоюының жеделдігі артты.

Бір мыңнан астам азаматты қылмыстық шеңберге негізсіз және мезгілсіз тарту фактілерінің жолы кесілді.

Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларын прокурорлар келіскен полицияның қылмыстық істері бойынша ақтау үкімдері шығарылған жоқ.

Ғизат Нұрдәулетов үш буынды модельдің басты міндеті – азаматтардың құқықтарын қорғаудың және сотқа дейінгі іс жүргізудің сапасын арттыру екенін атап көрсетті.

Осы бағыттағы жұмысты үйлестіру мен бақылауды прокуратура мен қылмыстық қудалау органдарының барлық басшылары қамтамасыз етулері тиіс.

Кеңес қорытындысы бойынша берілген нақты тапсырмалармен қатар, тергеу бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту және білікті қызметкерлермен жасақтау жөнінде талаптар қойылды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі