
2021 жылғы 10 наурызда НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7363356) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының жобасы орналастырылды.
Осы жоба Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес келтіру, ескірген, тиімсіз іске асырылатын нормаларды алып тастау және прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасын жариялы талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы