
2021 жылғы 21 қаңтарда НҚА-ның ашық мәліметтері интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6511847) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы орналастырылды (одан әрі - Заң жобасы).
Заң жобасы құқық қорғау қызметін өтудің тәртібін жетілдіруге, тікелей әрекет ету нормаларын күшейту және ведомстволық реттеуді қысқартуға бағытталған .
Заң жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.