БП

Меню

Страницы

Статья

Еуропалық парламент депутаттарымен кездесу туралы

Бас прокуратурада Еуропалық парламенттің Адам құқықтары жөніндегі кіші комитет төрағасының орынбасары Кристиан Дэн Пред бастаған Еуропалық Парламенттің делегациясымен кездесу өтті.

Шетелдік қонақтар прокуратура органдарының қызметімен, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, демократия және заң үстемдігі қағидаттарын қамтамасыз ету саласындағы істермен танысады.

Делегация мүшелері қазақстандық тарапқа ашықтығы мен еуропалық қауымдастықты қызықтыратын бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасу мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.

Депутаттар нақты істер бойынша прокурорлар ұсынған ақпарат пен құжаттамалық мәліметтерге қанағаттанушылық білдірді.

Сонымен қатар, тараптар адам құқықтары және қылмыспен күрес саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың аспектілерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар сындарлы диалог үшін ризашылықтарын білдірді және одан әрі ынтымақтастыққа ниет білдірді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Дата публикации
18 сентября 2018
Дата обновления
18 сентября 2018
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 февраля 2025
Берік Асылов: «Әрбір бала қауіпсіз ортада өсуі тиіс»
Талдамалық мақала
23 января 2025
2024 жылғы қылмыстылық ахуалы туралы
Талдамалық мақала
19 сентября 2024
Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар арасында қайталама қылмыстың алдын алу мәселелері туралы

Социальные медиа

facebook
telegram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы