БП

Меню

Страницы

Статья

Қазақстандық делегацияның Қырғызстанға сапары

2019жылғы 1 қазан, Бішкек қ. Бүгін Қазақстанның Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің (БПҮК) 29-шы отырысының және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысушы мемлекеттердің бас прокурорларының 17-ші отырысының жұмысына қатысты.

Отырысқа ТМД елдері мен ШЫҰ–ның  Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан, Қытай, Пәкістан жоғары қадағалау органдарының басшылары, Ауғанстан, Иран және Монғолияның бақылаушы-мемлекеттерінің өкілдері қатысты.

БПҮК отырысы аясында Қазақстанның Бас Прокуроры “Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметін жаңғырту” атты тақырыпта баяндама жасады.

ШЫҰ елдері прокурорларының талқылауының негізгі тақырыбы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының контрабандасына және заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл туралы мәселе болды.

Сапар барысында Қазақстан мен Қырғызстан Бас прокуратуралары арасында құқықтық көмек көрсету туралы келісімге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары академиясы мен Қырғыз Республикасы ІІМ Академиясы арасындағы білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.  

Сонымен қатар, Ғ. Нұрдәулетов ТМД және ШЫҰ елдерінің бас прокурорларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, онда трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Дата публикации
01 октября 2019
Дата обновления
01 октября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

10 февраля 2025
Берік Асылов: «Әрбір бала қауіпсіз ортада өсуі тиіс»
Талдамалық мақала
23 января 2025
2024 жылғы қылмыстылық ахуалы туралы
Талдамалық мақала
19 сентября 2024
Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар арасында қайталама қылмыстың алдын алу мәселелері туралы

Социальные медиа

facebook
telegram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы