
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси салалардағы, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық және әкімшілік істердегі заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық және әкімшілік істерде заңдылықты, құқықтық тәртіпті және құқық бұзушылықтың алдын-алуды қамтамасыз ету бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;