
Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан адам құқықтары саласындағы 70-тен астам көпжақты әмбебап халықаралық шарттардың, оның ішінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) 8 құқық қорғау конвенциясының қатысушысы болып табылады, олардың барлығы адам құқықтарын қорғаудың негізгі халықаралық құралдары болып табылады.
БҰҰ-мен тығыз ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан жүргізілген реформалар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы мерзімді ұлттық баяндамаларды БҰҰ-ның тиісті шарттық органдарына жібереді.
Мәселен, 2023 жылғы 2-3 мамырда БҰҰ азаптауға қарсы Комитетінде (Женева қаласы) Қазақстан Республикасы азаптауға қарсы Төртінші мерзімді баяндаманы қорғады.
БҰҰ Комитеті жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар, ұлттық заңнаманы жетілдіру, азаптауға, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы хабарланды.
БҰҰ Комитеті Қазақстанның есебін оң қабылдады, жүргізілген конституциялық реформалардың сәттілігін, Конституцияда адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тәуелсіздігін бекітуді, ұлттық алдын алу механизімнің рөлін күшейтуді, өлім жазасын жоюды, түрмеде медициналық қызмет көрсетуді азаматтық денсаулық сақтау саласына беруді және басқа да шараларды атап өтті.
Прокуратура органдары жүктелген міндеттер шегінде халықаралық ынтымақтастықты және қылмыстық-құқықтық салада халықаралық шарттар жасасуды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тәуелсіздік жылдары ішінде 34 елмен 73 екіжақты шарт жасасуды қамтамасыз етті.
Биыл Франциямен құқықтық көмек және Өзбекстанмен сотталғандарды беру туралы келісімдер ратификацияланды. Кипрмен құқықтық көмек және ұстап беру туралы шарттар Парламенттің қарауында.
Ағымдағы жылдың 21 тамызында сотталғандарды беру бойынша Вьетнаммен өзара міндеттемелер рәсімделді.
Осындай халықаралық шарттарды жасасу мемлекет өз азаматтарына одан тыс жерлерде қорғауға және қамқоршылыққа кепілдік береді деген Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабының талаптарымен белгіленген.
Жоғары қадағалауды жүзеге асыратын орган ретінде прокуратура қылмыстық процеске қатысатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, оларды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды, қылмыстық процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыру үшін уақытылы шаралар қабылдайды.
Жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз ету үшін шет мемлекеттерден сот төрелігінен жасырынған қылмыскерлерді экстрадициялаудамыз.
Соңғы үш жылда шет елдермен заңсыз әрекеттер жасады деген күдік бойынша іздеуде жүрген 115 адамды Қазақстанға беру туралы шешімдер қабылданды.
Мысалы, ағымдағы жылдың ақпан айында Польшадан трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында «QI Trade Kazakhstan» қаржы пирамидасын басқарғаны үшін күдікті экстрадицияланды.
Ол 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасы басшыларының бірі бола отырып, 1 300 салымшыны алдап, оларға 6,3 млрд. теңгеден астам сомаға залал келтірді деп күдіктенді.
Қылмыс жасағаннан кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.
Айта кету керек, Польшамен екіжақты шарттың жоқтығына қарамастан, күдікті тұлға Қазақстанға өзара түсіністік қағидаты негізінде берілді.
Бұл халықаралық қатынастар субъектісі ретінде, сондай-ақ Қазақстаннның сот төрелігі мен құқықтық жүйесінде де бізге деген сөзсіз сенімді растайды.
Сыздықов Серік
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі
Экстардициялау және халықаралық-құқықтық
көмек басқармасының аға прокуроры