Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы магистратура мен докторантураға оқуға түсу үшін 2026 жылғы 1 сәуір – 25 шілде аралығында құжаттар қабылдайтыны туралы жариялайды
Оқыту екі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі:
- «Құқықтану»: магистратура (ғылыми-педагогикалық) және докторантура (ғылыми-педагогикалық);
- «Құқық қорғау қызметі»: магистратура (ғылыми-педагогикалық; бейіндік, оның ішінде қашықтан оқыту), докторантура (ғылыми-педагогикалық; бейіндік, оның ішінде қашықтан оқыту).
Қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру мерзімі: ағымдағы жылғы 1 сәуір - 25 шілде аралығында.
Қабылдау емтихандарын өткізу мерзімі: ағымдағы жылғы 10-20 тамыз аралығында.
Академия ректорының қабылдау туралы бұйрығы ағымдағы жылғы 25 тамызға дейін.
Қабылдау ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап.
Оқыту мемлекет есебінен жүргізіледі. Бұл ретте, білім алушы соңғы лауазым бойынша жалақының 70%-нан жәнесыныптық шеңі мен арнайы атағы үшін қосымша ақыдан тұратын стипендия алады.
Оқуға түсуге үміткерлерге қойылатын талаптар мен құжаттар тізімімен Академияның www.academy-gp.kz сайтында танысуға болады.
Байланыс телефондары:
8-771-162-49-23, 87771777199