Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 18 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 127 «Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттің және құқық қорғау органдарының ақпараттық алмасу жүйесінен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган алу негіздері мен негіздерін бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау үшін қажетті өзге де ақпарат органдары

 БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 18 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 127 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14952 тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 2 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерінде:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. ҚАО ААЖ пайдалану процесінде барлық параметрлерді тіркеу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағаларына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
___________ Ғ. Нұрдәулетов
2019 жылғы "___" ___________

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Ә. Смайылов
2019 жылғы "___" ___________

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 18 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 127 «Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттің және құқық қорғау органдарының ақпараттық алмасу жүйесінен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган алу негіздері мен негіздерін бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау үшін қажетті өзге де ақпарат органдары
Дата публикации
05 ноября 2019