Бас прокуратураға 4 құқықтық акті бекітілген, оның ішінде:
- «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бас Прокурордың бұйрығының жобасы Әділет министрлігімен келісілуде;
- «Қызмет бабында ауысу және өсіру кезінде көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүру және өз мүлкін тасымалдау шығындарының өтелуіне құқығы бар прокуратура органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Бас Прокурордың бұйрығы 2025 жылғы 19 қыркүй екте қабылданған;
- «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» және «Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үй комиссиясының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 25 тамыздағы № 89 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Бас Прокурордың бұйрықтары 2025 жылғы 29 тамызда қабылданған, «Әділет» АЖ-да 2025 жылғы 4 қыркүйекте жарияланған.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы