Азаматтық-құқықтық салада сот статистикалық есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

 "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Бірінші сатылы соттардың азаматтық істерді қарауы жөніндегі есеп" № 2-нысаны;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Апелляциялық сатыдағы азаматтық істерді қарау бойынша есеп" № 7-нысаны;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Кассациялық сатыдағы азаматтық істерді қарау бойынша есеп" № 7К-нысаны;

      4) осы бұйрықтың 4-6-қосымшаларына сәйкес ЭАЕҚ 1, ЭАЕҚ 2, ЭАЕҚ 3 нысанды электрондық ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі – ЭАЕҚ);

      5) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы нұсқаулық.

      2. "Азаматтық-құқықтық саладағы соттық нысанды есептерді және Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 15 қазандағы № 117 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9853 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және нормативтік құқықтық актілердің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне оны мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орналастыру үшін жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ресми интернет-ресурсында орналасуын;

      5) осы бұйрықтың көшірмесін сот органдарына – құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Бас Прокуроры

А. Дауылбаев

Азаматтық-құқықтық салада сот статистикалық есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Дата публикации
15 июня 2016