Премьер-Министрдің 07.02.2025 жылғы № 39-ө «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Бас прокуратура 11 құқықтық актіні әзірледі.

Келесі жобалар МОИП арқылы мүдделі мемлекеттік органдармен келісуде:

  • «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» және «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2 Жарлығы;
  • «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Келесі жобалар қол қою сатысында:

  • «Құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы қызметкерінің бағалау парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 44, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 23-НҚ, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 47, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы  31 қаңтардағы № 4, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 113 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен бұйрығы;
  • «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының  2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 155 қбп бұйрығының күші жойылды деп тану туралы», «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 43 қбп бұйрығының күші жойылды деп тану туралы», «Прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын, кезеңдері мен  мерзімдерін бекіту туралы» және «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 4 бұйрығы.

«Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы  22 маусымдағы № 113 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтары  Әділет министрлігімен келісілді.

Ағымдағы жылғы 27 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшылық лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 118 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасын талқылау аяқталды.

«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы бойынша ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында талқылау аяқталды.

 

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Дата публикации
27 марта 2025