2025 жылғы 12 наурызда НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15484560) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының ««Азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығының жобасы орналастырылды.
Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 21 қарашадағы № 136-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (есеп азаматтық істерді қарау жөніндегі конституциялық соттың жұмысы туралы нысанмен толықтырылды) Заңын жүзеге асыру аясында.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.