Бас прокуратура 11 құқықтық актіні әзірледі.
«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы бойынша ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында талқылау аяқталды.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында келесі нормативтік құқықтық актілердің жобалары орналастырылды:
Келесі жобалар мүдделі мемлекеттік органдармен келісуде:
«Құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы қызметкерінің бағалау парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 44, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 23-НҚ, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 47, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 4, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 113 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен бұйрығы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді және қол қою сатысында.
«Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 155 қбп бұйрығының күші жойылды деп тану туралы», «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 43 қбп бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» және «Прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын, кезеңдері мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарының жобалары дайындалды.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы