Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік

бағдарламаларын қайта бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары  қайта бекітілсін.
  2. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 160 бұйрығының күші жойылсын.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаментіне жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры                                                                             Ғ. Нұрдәулетов 

 

Дата публикации
23 октября 2020