Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының

кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

​

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының мынадай бұйрықтарының күші жойылсын:

1) «Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асыратын немесе оның келісімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басшылығының келісімі бойынша жүргізілетін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 4 наурыздағы №25 бұйрығы;

2) «Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 27 наурыздағы №79оа бұйрығы.

  1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз ету.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.​

​

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры                                                                                  Б. Асылов

 

Дата публикации
19 июня 2023