БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың процестік шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

2023 жылғы «07» 06 № 118

Астана қаласы

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржылық мониторинг агенттігі

2023 жылғы «31» 05  № 252-нқ   

Астана қаласы

 

 

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

2023 жылғы «31» 05  № 175

Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

2023 жылғы «25» 05  №430

Астана қаласы

 

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың

процестік шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау

тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

 

Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың процестік шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау бойынша бірыңғай практиканы әзірлеу мақсатында

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

 

  1. 1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың процестік шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.
  2. 2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы бірлескен бұйрықты өзінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. 3. Құқық қорғау органдарының басшылары барлық қызметкердің осы бірлескен бұйрықпен бекітілген Нұсқаулықты зерделеуін және орындауын қамтамасыз етсін.
  4. 4. Бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағаларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министріне жүктелсін.
  5. 5. Осы бұйрық оған құқық қорғау органдарының барлық басшысы қол қойған соңғы күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының              Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры                                       Қаржылық мониторинг             

агенттігінің төрағасы

___________ Б. Асылов                        

2023 ж. «07» ___06____                         ___________ Ж. Элиманов

2023 ж. «31» ___05 ____    

 

 

 

Қазақстан Республикасының              Қазақстан Республикасының

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы                    Ішкі істер министрі

іс-қимыл агенттігінің төрағасы                             

___________ М. Ахметжанов

___________ А. Жұмағали

2023 ж. «31» ___05____                         2023 ж. «25» ____05___                    

 

 

Дата публикации
12 июня 2023