Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылы 5 маусымдағы Жарлығымен экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды.

Елден заңсыз жолмен шығарылған қаржы қаражатын Қазақстан Республикасына қайтару, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау, оларды мемлекетке қайтару комиссияның мақсаттары болып табылады.

Комиссияның кұрамына құқық қорғау және арнайы органдарының,  сондай-ақ орталық атқарушы органдар қатарының, Ұлттық Банктің, қаржы нарығын реттеу және дамыту Агентствосының және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының бірінші басшылары кіреді.

Дата публикации
18 июля 2022