Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы 14 мамырынан бастап ашық үкімет порталында 2023-2025 жылдарға арналған келесі бюджеттік бағдарламалардың жобаларын жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды:
001 «Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға тәуелді актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру»;
015 «Құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің жедел жүйесін құру»;
018 «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату және жоғары білімнен кейінгі білім беру».