Астана, 29 қазан 2018 жыл. Бас прокурор Қайрат Қожамжаров пен Украинаның әділет министрі Павло Петренко қылмыстық істер мен экстрадиция мәселелері бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдерге қол қойды. Рәсім бүгін Астанада Бас прокуратураның ғимаратында өтті. Бұл келісімдер екі елдің құқық қорғау органдарына әрқайсысының аумағында қылмыстық істер бойынша іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге, сондай-ақ оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін адамдарды ұстап беруге мүмкіндік береді. Мұндай келісімдердің жасалуы қылмыспен күрес және азаматтардың құқықтарын қорғау саласында тиімді ынтымақтастық үшін қажетті құқықтық негізді жасайтындығы атап өтілді.
Рәсім соңында шетелдік әріптестерге Бас прокуратураның Құқық қорғау қызметі орталығының қызметі, сонымен қатар департаменттің қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуді цифрландыру бойынша жүзеге асырып жатқан жобалары таныстырылды. Сондай-ақ, министрге халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетекшінің қызметі туралы ақпарат берілді. Естеріңізге сала кетейік, заңгерлік көмек, сотталғандарды ұстап беру және ауыстыру саласында Қазақстан 60-қа жуық екіжақты халықаралық шарттар жасады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі