20 қараша 2018 жыл, Астана. Бүгін Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интерполымен бірге Бейбіт Серғазиевті қылмыстық қудалау үшін Мысырдан экстрадициялады. Ұсталған адам сотта кісі өліміне күдікті адамдардың пайдасына жалған дәлелдемелер берген деп күдіктелуде. Алдын алу шарасын бұзып, кетпеу туралы қолхатпен Сергазиев тергеу органдарынан жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеулер тізіміне алынды.
Сотталушыны ұстап беру қазақстандық қылмыстық қудалау органдарының мысырлық әріптестерімен келісілген іс-қимылдарының арқасында мүмкін болды. Ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, ол жерде сот үкімі шыққанға дейін ұсталады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі