Қ.Қожамжаровтың Тәжікстанның Бас прокурорымен екіжақты кездесуі туралы

О двусторонней встрече К.Кожамжарова  с Генеральным прокурором Таджикистана   - 875088215
5 желтоқсан, 2018 жыл, Астана. Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаров пен Тәжікстанның Бас прокуроры Юсуф Рахмонның екіжақты кездесуі өтті.

Трансұлттық қылмысқа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша қадағалау департаменттерінің басшылары арасында сындарлы пікірталас өтті.

Қайрат Қожамжаров ұстау, қылмыскерлерді ұстап беру және ұрланған мүлікті қайтару мәселелерін жан-жақты шешуге ықпал ететін аймақтық және халықаралық ұйымдардың тиімділігіне тоқталды.
Осы аспектілерде Қазақстан мен Тәжікстан азаматтық, отбасылық және қылмыстық істердегі құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы, сотталғандарды жазасын әрі қарай өтеуге ауыстыру және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау туралы конвенциялардың қатысушылары болып табылады.

Қазақстан лаңкестікпен күрес саласындағы 16 халықаралық-құқықтық құжатқа қосылды.
Тараптар ведомстволар арасындағы екіжақты қатынастарды, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын жоғары бағалады.

Осы өзара іс-қимыл аясында биыл Қазақстаннан Тәжікстанға 5 адам экстрадицияланды.

Біздің елдің түзеу мекемелерінде 75 тәжік азаматы жазасын өтеп жатыр, Тәжікстандағы ұстау орындарында - 8 қазақстандық.

Сондай-ақ, прокурорлар халықаралық террористік ұйымдардың қызметіне қарсы тұруға ерекше назар аударды. Тәжікстанның осы саладағы тәжірибесінің өзектілігі атап өтілді.

Өз кезегінде Юсуф Рахмон талқыланған барлық мәселелер бойынша екіжақты қатынастарды кеңейтуге дайын екендігін білдірді. Еске салсақ, Астана қаласында өткен «Өңіраралық ынтымақтастықты нығайту және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейту» халықаралық конференциясына шет мемлекеттердің қадағалау органдары өкілдерінің қатысуы аясында Қазақстанның Бас Прокуроры Қ.Қожамжаров бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

О двусторонней встрече К.Кожамжарова  с Генеральным прокурором Таджикистана   - 208321639

Дата публикации
05 декабря 2018