6 желтоқсан, 2018 жыл, Астана. Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаров пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Федералды прокуроры Аль-Шамси мырза арасында екіжақты кездесу өтті.
Қылмыстық саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту аспектілері, қылмыспен күрестің құқықтық тетіктері, оның ішінде ұрланған активтерді қайтару, қылмыскерлерді ұстап беру және қылмыстық істер бойынша сотталған адамдарды беру туралы.
Адамдарды ұстап беру туралы келісімнің әрекет ету кезеңінде БАӘ әділет министрлігі өз елінде жасырынған 9 қылмыскерді шығарды.
Әріптестер ірі қаржылық қылмыстарға қатысы бар адамдарды ұстап беру мүмкіндіктерін және қазақстандық тергеушілердің Әмірліктер аумағында жасырынған адамдарға қатысты тергеу әрекеттеріне қатысуын талқылады.
Сонымен қатар, терроризм мен діни экстремизмнің қауіп-қатерлеріне қарсы тұру, соның ішінде осы бағытта қабылданған заңнамалық, ұйымдастырушылық және алдын алу шаралары бойынша тәжірибе алмасу өтті.
Өз кезегінде Федералды Прокурор Аль-Шамси қазақстандық әріптестердің заңдылықты, халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы тиімді жұмысын атап өтті және екіжақты қатынастарды дамытуға қызығушылық білдірді.
Кездесу соңында Қайрат Қожамжаров сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендігін білдірді.
Еске салсақ, Астана қаласында өткен «Өңіраралық ынтымақтастықты нығайту және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейту» халықаралық конференциясына шет мемлекеттердің қадағалау органдары өкілдерінің қатысуы аясында Қазақстанның Бас Прокуроры Қ.Қожамжаров бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
