Артур Трофимовты қылмыстық қудалау үшін Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Өзбекстаннан экстрадициялады. Ұсталған азамат 2005-2009 жылдары «БТА Банкі» АҚ-нан аса ірі көлемде ақша ұрлауға, оларды заңдастыруға (жылыстатуға), сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ құруға және басқаруға қатысты деген күдікке ие. Сотталушыны ұстап беру қазақстандық құқық қорғау органдарының өзбек әріптестерімен келіскен іс-қимылдарының арқасында мүмкін болды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі