Доминикан Республикасынан ұстап беру

9 ақпан, 2019 жыл, Астана. Бүгін Марина Орумбаеваны (Невская) Доминикан Республикасынан Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ұстап берді.

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан әйеліне мемлекетке шамамен 9 миллион теңге мөлшерінде сеніп берілген мүлікті жымқырды деген күдікпен іздеуде.

Орумбаева қылмыстық қудалау органынан жасырынып, халықаралық іздеуде болған.

Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына қарамастан, Бас прокуратураның өтінішін шет елдің билігі өзара түсіністік қағидаты бойынша қанағаттандырды.

Қазіргі уақытта ұсталған адам Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

8 (7172) 71 27 66

8 (7172) 71 28 19

Дата публикации
19 февраля 2019