Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры 2022 жылғы 2 ақпанда «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 62 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 188 бұйрықты бекітті.
Бұйрықпен Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартына сәйкес Академияның білім беру бағдарламаларының мазмұнына, магистратура мен докторантураның үлгілік оқу жоспарларына жаңа талаптар белгіленді.
Бұйрық нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26792 болып тіркелді.