2022 жылғы 23 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет – порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14011074) ««Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы жарияланды (бұдан әрі – жоба).
Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №413 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 126-тармағын орындау үшін әзірленді, оған квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа тартылған адамдарға өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салатын талаптың сақталуына талдау жургізу тапсырылды.
Талдау нәтижесі бойынша тұлғаның сыбайлас жемқорлық жасағаны туралы мәліметтерді беру мемлекеттік қызмет көрсету саласына көшіріледі. Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.