2022 жылғы 23 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14011789) «Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерінің нысанын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 75 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасы жарияланды (бұдан әрі – жоба).
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 95-VII ҚРЗ Заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру мақсатында әзірленді.
Атап айтқанда, Заңмен Кәсіпкерлік кодекстің 141-бабына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгерістер енгізіледі: тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі (тексеру түрі) алынып тасталады; тексерулер жоспардан тыс және талаптарға сәйкестігін тексеру болып бөлінеді. Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.