2019 жылғы 05 қарашадағы бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту туралы бұйрық

№ 140 от 05.11.2019 г.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік

бағдарламаларын қайта бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары  қайта бекітілсін.
  2. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2019-2021 жылдарға арналған Бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы                24 шілдедегі № 76 бұйрығының күші жойылсын.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаментіне жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры                                                                             Ғ. Нұрдәулетов 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы бірінші вице-министрі

____________ Б. Шолпанқұлов

2019 жылғы «___»  _______

2019 жылғы 05 қарашадағы бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту туралы бұйрық
Дата публикации
05 ноября 2019