24.12.2019 ж. № 160
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН::
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары (бұдан әрі – Бюджеттік бағдарламалар) бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары бюджеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаментіне жүктелсін.
Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.