"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдықтехникалық қамсыздандыру басқармасы" Мемлекеттік мекемесі
Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-O-4 санаты бойынша:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау,
көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе
тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана
аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе
халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья
лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде
құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының
лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық
деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу
орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан
Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе
шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым
мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес
жылдан кем емес;
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік
талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13
желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы,тг.:
|
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
С-О-4 |
126357 |
170599 |