Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына шетел мемлекеттерімен қылмыстық-құқықтық салада халықаралық шарттарды жасасу бойынша уәкілеттік заңнамалық деңгейде берілген.
Бүгінгі таңда Қазақстан осы салада 32 шетелмен 68 екіжақтық шарттарды жасады.
Бірінші санаттағы мұндай шарттар – қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы (осы санатта 27 шарт жасалған), олар шетелден күдіктілер мен айыптаушылардың кінәлілігіне дәлелдемелер жинау үшін қылмыстық істер бойынша құқықтық көмекті алуға мүмкіндік береді.
Екінші санатта – ұстап беру туралы (20 шарт), олар бізде қылмыс жасап, шетел мемлекеттерінде жасырынып жүрген адамдарды шетелдерден экстрадициялау мәселелерін реттейді.
Шарттардың үшінші түрі – сотталған адамдарды беру туралы (21 шарт), олар шетелде сотталған біздің азаматтарымызды жазасын бұдан әрі өтеу үшін елімізге ауыстыру мүмкіндігін береді, бұл Қазақстан Республикасы оның аумағынан тыс жерлерде жүрген өз азаматтарын қорғау мен қамқорлық етуге кепілдік беретін, еліміздің Конституциясының 11-бабында көзделген мемлекеттің құқықтық қорғау функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Қазақстан қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және адамдарды ұстап беру (8 конвенция), сондай-ақ сотталған адамдарды беру (3 конвенция) мәселелері жөніндегі 11 көпжақты конвенцияның қатысушысы болып табылады.